Accessibility links

Мәскеу соты Александр Поткинді жеті жылға соттады


Александр Поткин Мәскеуде сотта отыр. 24 тамыз 2016 жыл.

Александр Поткин Мәскеуде сотта отыр. 24 тамыз 2016 жыл.

Мәскеудің Мешанский аудандық соты "Русские" ұлтшыл қозғалысы жетекшілерінің бірі Александр Поткинді (Белов) жеті жылға соттап, 600 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Сот Поткинді қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айыпты деп тапты. Сот сонымен қатар қазақстандық "БТА банкінің" Поткинге қатысты азаматтық шағымын да толық қанағаттандырып, оны банктен ұрланған қаржыны жымқырды деп тапты. Поткиннің адвокаттары үкімге шағымданбақ ниетте.

Поткин 2014 жылы қазанда "БТА банктен" бес миллиард доллар қаржы жымқыру ісіне қатысты тергеу аясында ұсталған. Оған қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды, экстремистік топ құрды, диверсия ұйымдастырды және ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, Поткин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "биліктен тайдыруды жоспарлаған".

Александр Поткин өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және олардың саяси астары бар деп санайды. Биыл сәуірде Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты Поткиннің өзін ұзақ уақыт қамауда ұстауға берген шағымын қабылдаған.

XS
SM
MD
LG