Accessibility links

БАҚ: "Роскосмос" "Сұңқар" зымыранын 2024 жылдан кейін ұшыра бастайды


"Зенит" зымыран тасығышының Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәті (Көрнекі сурет).

"Зенит" зымыран тасығышының Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәті (Көрнекі сурет).

Ресей ғарыш агенттігі ("Роскосмос") Қазақстан ұлттық ғарыш агенттігіне ("Қазғарыш") "Сұңқар" ғарыштық зымыран кешенін жасау жобасының сызбасын берді. Ресейлік "Известия" басылымының хабарлауынша, бұл зымыран украиналық "Зенит" зымыран тасығышын алмастырып, келесі онжылдықта Байқоңыр ғарыш айлағының негізгі коммерциялық зымыран болады деп жоспарланған.

"Роскосмос" қазір қазақстандық серіктесімен "Сұңқар" зымыран тасығышының жобасын жасап жатқанын және ол "жоғары технологиядағы ынтымақтастықты өзара тиімді негізде дамытуды" көздейтінін мәлімдейді.

"Роскосмос" құжаттарына қарағанда, "Сұңқар" зымыран тасығышын ұшырып сынау 2024 жылы басталуы керек. "Извести" "Роскосмос" "Сұңқар" зымыран тасығышын коммерциялық пайдалануды бастаған соң Қазақстанға зиянды гептил отынымен ұшатын "Протон-М" және оның жаңартылған түрі "Протон-light" зымыран тасығыштарын пайдалануды тоқтатуды ұсынбақ дейді.

XS
SM
MD
LG