Accessibility links

СІМ: Италиядағы зілзалада қазақстандықтар зардап шеккені туралы ақпар жоқ


Италиядағы жер сілкінісінен тірі қалғандарды іздеу жұмыстары. Аматриче, 24 тамыз 2016 жыл.

Италиядағы жер сілкінісінен тірі қалғандарды іздеу жұмыстары. Аматриче, 24 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Италиядағы жер сілкінісінен құрбан болғандар мен жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтары бары туралы дерек түспеді деп хабарлады.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, министрлік баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов әзірге дейін құрбандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бары деп мәлімет түспегенін айтады. "Италиядағы елшілігіміз жергілікті құтқару қызметі және тиісті органдармен үнемі байланыста. Әзірге тексеру жүргізіліп жатыр" деген Жайнақов.

Италияның орталық бөлігінде болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен соңғы деректер бойынша қаза тапқан адам саны 247-ге жетті. 300-ден астам адам жараланған. Зілзала 24 тамызда таң ата Римнен солтүстік-шығысқа болған. Жер сілкінісінен Аммумоли, Аматриче, Поста және Аркат-дель-Тронто қалалары көп зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG