Accessibility links

Өзбекстанда баспа және ақпарат агенттігінің басшысы қамалды


Омонулло Юнусов, Өзбекстанның баспа және ақпарат агенттігінің басшысы

Омонулло Юнусов, Өзбекстанның баспа және ақпарат агенттігінің басшысы

Өзбекстанда баспа және ақпарат агенттігінің бас директоры Омонулло Юнусов қамалды. Азаттықтың Өзбек редакциясының өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, 57 жастағы Юнусов қазір Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің Ташкенттегі абақтысында қамауда отыр. Дереккөзі Юнусов 22 тамызда ұсталып, 24 тамызда қамалғанын айтады.

Өзбек редакциясы дерекөзінің ақпаратына қарағанда, Юнусов баспа және ақпарат агенттігі жанындағы "Өзбекстан" баспа-полиграфи үйі басшылығына қарсы қозғалған қылмыстық іс аясында тергеліп жатыр. Агенттік Юнусовтың қамалуына қатысты ақпарат бермейді.

Өзбекстан құқық қоғау органдарындағы дереккөзі Өзбек редакциясына баспа және ақпарат агенттігі жанындағы баспаларды ауқымды тексерудің екі ай бұрын басталғанын айтты. Оның сөзінше, тексеру барысында "Өзбекстан" баспасында 2,2 миллиард сум көлемінде (шамамен 737 мың доллар) қаржы кем шыққаны анықталған.

Омонулло Юнусов Өзбекстан баспа және ақпарат агенттігін 2013 жылдан бері басқарды. Бұған дейін ол Өзбекстанның баспа саласында монополист саналатын "Шарк" баспа-полиграфиялық концернін басқарған.

XS
SM
MD
LG