Accessibility links

Мәскеуде өзбекстандық бала күтуші әйелді қамау мерзімі ұзарды


Мәскеуде жас баланы өлтірді деп айыпталған Гүлчехра Бобокулова сотта отыр. Мәскеу, 2 наурыз 2016 жыл.
Мәскеуде жас баланы өлтірді деп айыпталған Гүлчехра Бобокулова сотта отыр. Мәскеу, 2 наурыз 2016 жыл.

Мәскеудің Пресненский аудандық соты өзбекстандық бала күтуші, "жас баланы өлтірді" деп айыпталған Гүлчехра Бобокулованы қамау мерзімін 29 қазанға дейін ұзартты. Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, Бобокулованы қамау мерзімін ұзартты деп хабарлайды соттың баспасөз хатшысы Анастасия Пылинаға сілтеме жасаған ресейлік ақпарат құралдары.

Бобокулованы бұған дейін Сербский атындағы институтта психиатрлық сараптама жасалған соң "Бутырка" тергеу абақтасының психиатрлық бөліміне жатқызған. 24 наурызда оны сараптама жасау үшін институтқа әкелген. Бобокулова абақтыда күшейтілген бақылауда жатыр.

Гүлчехра Бобокулова 29 ақпанда Мәскеудегі "Октябрьское Поле" метро станциясының жанында ұсталған. Оның қолында пакетке салынған баланың кесілген басы болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел өзін жарып жіберетінін айтып доқ көрсетіп, "Аллаху акбар" деп айқайлаған. Кейін оның төрт жастағы қызға күтуші болғаны анықталған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол ата-анасы кеткен кезде баланы өлтіріп, пәтерді өртеген. Оған кісі өлтірді деген айып тағылған.

Бобокулова өзіне тағылған айыпты мойындап, өз әрекеті арқылы Ресей президенті Владимир Путиннен Сирияны бомбалағаны үшін кек алдым деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG