Accessibility links

Сирияның қоршаудағы қаласын эвакуациялау туралы келісім жасалды


Дамаск түбіндегі қираған Дарайя қаласындағы қираған мешіт, Сирия.

Дамаск түбіндегі қираған Дарайя қаласындағы қираған мешіт, Сирия.

Сирия астанасы Дамаск түбіндегі қоршауда тұрған Дарайя қаласынан мыңдаған көтерілісші мен бейбіт тұрғынның өз еркімен кетуіне мүмкіндік беретін келісім жасалды. Идлиб провинциясындағы Дарайяны эвакуациялау жақын уақытта басталуы тиіс. Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары қаланы 700 қарулы адам еркін түрде тастап, төрт мыңға жуық бейбіт тұрғын басқа жаққа орналастырылатынын хабарлайды.

Сирия армиясы Дамаскіден жеті километр қашықтықтағы Дарайяны 2012 жылы қоршаған. Қалаға гуманитарлық көмек төрт жылдан бері биыл маусымда бірінші рет кіргізілген.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы үкімет әскерінің көтерілісшілер бақылауындағы Алеппоның маңына шабуылынан 15 адам, оның ішінде 11 баланың қаза тапқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG