Accessibility links

Штайнмайер: Ресеймен қару-жарақты бақылаудың жаңа келісімін жасау керек


Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия сыртқы істер министрі.

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия сыртқы істер министрі.

Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Ресей әскери жаттығуларын көбейтіп, НАТО "кездейсоқ соғыс" басталу қаупіне алаңдаушылық білдіре бастағандықтан Мәскеумен қару-жарақты бақылаудың жаңа келісімін жасауға шақырды.

26 тамызда Франкфуртер Альгемейн Цейтунгте сөйлеген Штайнмайер Ресей 2014 жылдан бері "ондаған жылдар бойы орнатылған сенім" мен бейбітшілік принциптерін бұзғандықтан "барлығымыз шиеленістің бұдан ары күшеюін болдырмауда бірігуіміз керек" деді.

"Қару-жарақты бақылаудың жаңа келісімі ашықтық, қауіп-қатерден сақтану және сенім орнатудың дәлелденген тетіктерін ұсынады. Біз құрлықтағы қауіпсіздікке жауапты барлық серіктерімізбен жүйелі диалог орнатуды қалаймыз. Мүмкін, бұл бұл диалог Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арқылы орнатылатын шығар" деді Штайнмайер.

24 тамызда НАТО-ға мүше елдердің бұрынғы қорғаныс және сыртқы істер министрлері Ресеймен күтпеген әскер жанжалды реттеу ережелері туралы келісім жасасуға шақырған.

Штайнмайер маусымда НАТО-ның сол уақытта өткізген әскери жаттығуын Шығыс Еуропадағы күшін нығайту деп сипаттауды "қылышын жалаңдатып, соғысқа шақыру" деп сынап, жаттығу Ресеймен арадағы шиеленісті одан ары тереңдете түседі деген.

XS
SM
MD
LG