Accessibility links

Бішкекте Атамбаевтың отставкаға кетуін талап еткендердің соты басталады


Бішкектің Пермомай аудандық соты (Көрнекі сурет).

Бішкектің Пермомай аудандық соты (Көрнекі сурет).

Бішкектің Первомай аудандық сотында бүгін оппозицияшыл "Халықтық парламент" қозғалысы мүшелерінің үстінен сот басталады. Оларға билікті күшпен басып алмақ болды деген айып тағылған. Іс бойынша Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев, Марат Сұлтанов, Александр Гусев және Тойгонбек Калматов сотқа тартылмақ. Азаттықтың Қырғыз редакциясына қозғалыс мүшесі Расул Үмбетәлиевтің хабарлауынша, сот процесі жабық өтеді.

"Біздің ұйым тек президенттің өз еркімен отставкаға кетуін талап етеді. Біз қоршаудан секіріп, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған жоқпыз. Қозғалыс мүшелерін осы талабы үшін ғана ұстады" деді Үмбетәлиев.

"Халықтық парламент" қозғалысының жетекшісі мен мүшелерін Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 12 мамырда ұстаған. 11 мамырда олар Бішкекте президент Алмазбек Атамбаевтың отставкаға кетуін талап етіп ауқымды митинг өткізетінін мәлімдеген еді. Олардың сөзінше, наразылық акциясын Ресей генералдары қолдаған.

XS
SM
MD
LG