Accessibility links

Өзбекстан Қазақстан шекарасынан өткізуді уақытша шектеді


Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада жол-көлік бекетінен азаматтарды өткізуге біржақты уақытша шектеу енгізді деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Шекара қызметінің мәліметінше, Өзбекстан шекара қызметінің өкілі азаматтарды өткізуді шектеу шекарадағы өткізу бекетінде 22 тамыз күнгі сағат түнгі 12-ден бастап 4 қыркүйекке дейін енгізілгенін айтқан.

Шекарадан тек дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, ресми делегациялардың мүшелері, еліне қайтып бара жатқан, телеграмма және шақыртумен кетіп бара жатқан азаматтар, басқа елдің әуежайынан ұшу билеті бар азаматтар ғана өткізіледі.

Сонымен қатар екінші елдің территориясындағы нысандарда қызмет ететін елдің азаматтары мен халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер шекарадан өткізілмек.

XS
SM
MD
LG