Accessibility links

Украина Қырыммен шекарада танкіге қарсы бөгет орнатпақ


Шлагбаум астында тұрған танкіге қарсы "кірпілер". (Көрнекі сурет)

Шлагбаум астында тұрған танкіге қарсы "кірпілер". (Көрнекі сурет)

Украинаның Херсон облысында танкілерге қарсы "кірпілер" әзірленбек. Олар Ресей аннексиялап алған Қырым мен Украина арасындағы шекараға қойылмақ. "Укринформ" ақпарат агенттігі бұл туралы Херсон облысынан сайланған Жорарғы рада депутаты Александр Спиваковскийдің сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Депутат "кірпілер" Ресейдің Қырымдағы армиясының танкілері мен әскери техникасының Херсон облысына басып кіруіне бөгет ретінде қойылатынын айтқан.

"Украинская правда" газетінің жазуынша, бұл кедергілерді жасау мәселесімен Херсон облысы әкімдігінің жетекшісі Андрей Гордеев айналысып жатыр. Депутат Спиваковскийдің сөзіне қарағанда, Херсон облысына "кірпілер" жасау үшін жеті мың тонна металл рельстер жеткізілген.

Әзірге темір "кірпілерді" қай кәсіпорын жасайтыны хабарланбады.

XS
SM
MD
LG