Accessibility links

Клинтон ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер алды


Хиллари Клинтон сайлаушылар алдында сөйлеп тұр. АҚШ, 25 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Хиллари Клинтон сайлаушылар алдында сөйлеп тұр. АҚШ, 25 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Хиллари Клинтон ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы қызмет өкілдерінен кеңестер алды. Клинтон сайлауға Демократиялық партия атынан түсіп отыр.

"Америка дауысы" радиосының хабарлауынша, АҚШ-қа төніп тұрған қауіп-қатерлер туралы екі сағаттық әңгіме Нью-Йорк шетіндегі федералдық мекеме ғимаратында өткен. Бұл жер Клинтондар үйіне де жақын.

АҚШ-та президент сайлауына түсіп жатқан негізгі кандидаттар мен олардың кеңесшілері қауіпсіздік мәселелері бойынша құпия ақпараттарды қалай пайдалану керек екені жөнінде нұқсаулық алуға міндетті. Әңгімені АҚШ ұлттық барлау басқармасы бастығы жүргізеді. Бұл дәстүрге 60 жыл толды.

Клинтонның сайлаудағы негізгі қарсыласы - республикашыл Дональд Трамп. Ол да осы айда ұлттық қауіпсіздік туралы кеңестер алған.

XS
SM
MD
LG