Accessibility links

Қырғызстандағы Өзбекстанмен шекара дауына қатысты жиын тыныш тараған


Өзбекстанмен арадағы шекара дауына наразылық білдірушілер митингісі. Қырғызстан, Кербен қаласы, 27 тамыз 2016 жыл.

Өзбекстанмен арадағы шекара дауына наразылық білдірушілер митингісі. Қырғызстан, Кербен қаласы, 27 тамыз 2016 жыл.

27 тамыз күні Қырғызстанның Жалалабад облысы Ақсый ауданы Кербен қаласында Өзбекстанмен шекарада даулы аймақ болып тұрған Ұңғар төбе мәселесі бойынша жиылған ондаған адам сол күні бейбіт тарап кеткен.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, митингіге шыққан жұртпен Жалалабад облысының әкімі өкілі, аудан әкімі, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары, Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары кездескен.

Митингіге шыққан наразылар Ұңғар төбе дауын тездетіп шешуді, радиореле станциясының Өзбекстан ұстаған төрт қызметкерін босатуды талап еткен. Билік өкілдері наразылар талаптарының орындалатынын айтып, келіссөздер жүріп жатқанын хабарлаған. Мұнан соң жиылғандар тараған.

Қазіргі уақытта Өзбекстан-Қырғызстан шекарасындағы даулы аймақ жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. 22 тамыз күні Өзбекстан полициясы ұстап әкеткен радиореле станциясының төрт қызметкері Өзбекстанда қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG