Accessibility links

Қырғызстанда «Кербен 24» станциясы қызметкерлерін ұстауға қарсы іс қозғалды


Ұңғар таудағы радиореле бекеті.

Ұңғар таудағы радиореле бекеті.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі Азаттықтың Қырғыз қызметіне «Кербен 24» радиореле станциясының төрт қызметкерін ұстауға қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Министр орынбасары Құрсан Асановтың сөзіне қарағанда, қылмыстық іс "адам ұрлау" айыбымен ашылған.

22 тамыз күні Өзбекстан полициясы Ұңғар төбе тауына тікұшақпен түсіп, ондағы төрт қызметкерді ұстап әкеткен еді. Өзбек билігі радиореле станциясында жұмыс істейтін Қырғызстан азаматтарын "процессуалдық шара аясында" ұстағандарын мәлімдеген. Олар қазір Өзбекстанда қамауда отыр.

Өзбекстан ішкі істер министрлігі Ұңғар төбедегі даулы шекаралық аймақ "Өзбекстанға тиесілі" деп мәлімдеп, радио бекетте ұсталған Қырғызстан азаматтарын шекараны заңсыз кесіп өткендер деп атады.

XS
SM
MD
LG