Accessibility links

Молдованың Тәуелсіздік күнінде полиция мен наразылар қақтығысты


Кишинев қаласындағы полиция мен наразылар. Молдова, 27 тамыз 2016 жыл.

Кишинев қаласындағы полиция мен наразылар. Молдова, 27 тамыз 2016 жыл.

Молдова астанасы Кишиневте Тәуелсіздік күні - 27 тамызда көшеге жиылған наразыларды тарату үшін полиция көз ашытатын газ шашқан.

27 тамыз күні Кишиневтің орталық алаңы маңына жиылған жүздеген наразы азаматтар "Ұрылар!" және "Неге ұялмайсыңдар?!" деп айқайлаған. Бұл сөздерін олар ел президенті Николае Тимофтиге және оның шенеуніктеріне қарата айтқан. Ал алаңда бұл кезде Тимофти мен бірқатар шенеуніктер Молдованың ұлттық батыры Стефанның ескерткішіне гүл қойып жатқан.

Жұртты алаңға жібермеуге тырысқан полиция мен наразылар арасында қақтығыс болған. Бірақ жараланғандар жоқ.

Тимофти 27 тамыз күні сөйлеген сөзінде Молдова тәуелсіздігіне "елдегі шетелдік әскери күштер қауіп төндіріп тұрғанын" айтқан. Ол бұл сөзін Ресейдің Молдовада орналасқан мыңға жуық солдатына қарата айтқан. Ресей Молдованың шығыс жағындағы Приднестровье аймағындағы сепаратистерді қолдап келеді.

Молдова тәуелсіздігін 1991 жылы 27 тамыз күні жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG