Accessibility links

Түркия Сирияның солтүстігіндегі шабуылдарын күшейтті


Сирияның солтүстік аудандарында танкімен жүрген Түркия солдаттары. 27 тамыз 2016 жыл.
Сирияның солтүстік аудандарында танкімен жүрген Түркия солдаттары. 27 тамыз 2016 жыл.

Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына әуеден соққы беруді күшейтті. Анкара 28 тамыз күні Сирияның солтүстік аудандарындағы АҚШ қолдайтын күрд жасақтарына шабуылдарын жиілетті.

Анкара бүгін Түркияның алғашқы жауынгерінің қаза тапқанын хабарлады. Түркия үкіметінің дерегіне қарағанда, ол күрд жасақтарының оғынан өлген.

Ұлыбританиядағы Сирия адам құқықтары обсерваториясы 28 тамыз күні түрік ұшақтарының Сирияның солтүстік аудандарына шабуылынан 20-ға жуық бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

Түркия Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған - ред.) ұйымының содырларымен де, күрд жасақтарымен де соғысып жатыр. Түркия үкіметінің мақсаты - күрд жасақтарының өзінің шекарасының іргесінде күшейіп кетуін болдырмау және олардың Түркиядағы күрдтермен байланысын орнатпау. Анкара мен Вашингтон күрд жасақтарына Евфрат өзенінен өтпеу туралы ескерту жасаған еді.

XS
SM
MD
LG