Accessibility links

Ислам Каримов ауруханаға түсті


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың биылғы маусымның соңында Қашқадарияға барған кезіндегі бейнесі. Скриншот.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың биылғы маусымның соңында Қашқадарияға барған кезіндегі бейнесі. Скриншот.

Өзбекстан үкіметі президент Ислам Каримовтің науқастанып, ауруханаға түскенін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес жергілікті дәрігерлер Каримовті "медициналық тексеруден өткізу мен емдеу шаралары біразға созылатынын" айтқан.

Соңғы күндері Өзбекстан президентінің қатты ауырып қалғаны туралы бейресми хабарлар тараған болатын. Азаттықтың Өзбек қызметіне сенбіден бастап Каримовтің қатты сырқат екені туралы ақпарат түсе бастаған.

Бейресми хабарларда Ислам Каримовтің қандай дертке ұшырағаны туралы ашық айтылғанымен, Азаттық оның диагнозын тәуелсіз түрде нақтылай алмай жатыр.

Өзбекстан үкіметі президент Каримовтің денсаулығы туралы қысқаша болсын бірінші рет мәлімет беріп отыр. 78 жастағы Каримов Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG