Accessibility links

Сирияның солтүстігінде ұрыстан ондаған бейбіт тұрғын мерт болды


Сириямен шекарада тұрған түркиялық әскерилер. 27 тамыз 2016 жыл.
Сириямен шекарада тұрған түркиялық әскерилер. 27 тамыз 2016 жыл.

Сирияның солтүстігінде түрік армиясының содырлар мен күрд жасақтарына қарсы ұрысында ондаған адам қаза тапты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, түрік қарулы күштерінің Джеб әл-Кусса елді мекенін артиллериядан атқылауы салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 50 тұрғын жараланған.

Түркиялық әскерилердің есептеуінше, қарсы жақтан 25 адам мерт болған. Түркияның NTV телеарнасының хабарлауынша, артиллерия мен Түркияның әскери-әуе күштері күрдтердің "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядының" шептерін түнде бомбалаған. АҚШ күрдтердің бұл жасақтарын "жиһадшылармен сәтті күреседі" деп бағалағанымен, Түркия оларды "террористер" санайды.

XS
SM
MD
LG