Accessibility links

ҰҚК: Күдіктілердің әскери нысандарға шабуылдау талпынысы анықталып жатыр


Астанадағы ҰҚК кеңсесі (Көрнекі сурет).

Астанадағы ҰҚК кеңсесі (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов Қарағанды облысының Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде ұсталған алты адамның осы маңдағы "әскери қондырғыларға шабуылдауға талпынғанын" терістемеді. Жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берген ол «Әуе қорғанысы күштерінің жүйесіне шабуылдауға [күдіктілердің] олардың күші жетпес еді, бірақ, негізгі нысанға қатысы бар басқа нысандарға шабуыл жасауға талпыныстары анықталып жатыр» деді.

29 маусымдща ҰҚК 26 маусымда Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде "қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен террорлық акт жасамақ болды" делінген, құрамында жеті адам бар топтың ұсталғанын хабарлаған еді. Гүлшаттағы "радикалды топты" ұстау барысында олардың бірі өзін-өзі жарып, жарақаты салдарынан өлді деп хабарланған.

Парламенттің біріккен отырысынан соң журналистер сұрағына жауап берген Владимир Жұмақанов Балқаш пен Гүлшатта «салафи ағымын ұстанған», «қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен террористік әрекет жасамақ болған» алты адамның ұсталуына Ақтөбедегі оқиғалардың қатысы жоғын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG