Accessibility links

Назарбаев ядролық қарусыздану саласында сыйлық тағайындауды ұсынды


Курчатов қаласына жақын ядролық полигон территориясындағы иесіз қалған нысандар. Маусым 2009 жыл.

Курчатов қаласына жақын ядролық полигон территориясындағы иесіз қалған нысандар. Маусым 2009 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ядролық қарусыздану саласына қосқан үлесі үшін сыйлық тағайындауды ұсынды. Бұл туралы ол Астанада Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай өткен халықаралық "Ядролық қарусыз әлем құру" деп аталатын конференцияда айтты.

Назарбаев Астанада өткен жылы болған осыған ұқсас конференцияда "Ядролық қарусыз әлем" деп аталатын декларация қабылданғанын, енді бұл идеяны нақты істермен іске асыру керегін айтты.

Назарбаевтың сөзінше, биыл қарашада Астанада көптеген мемлекеттің басшылары, бизнесмендер мен қайраткерлер қатысатын саммит өтеді және сол жиында аталған сыйлықты тағайындап, тапсыруға болады.

Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланғандай, Назарбаев конференцияда "арандататын және мағынасыз әскери блоктардан" бас тарту қажеттігін мәлімдеген. Президент сонымен қатар державалар арасындағы қарым-қатынасты реттеу тетіктері қажетін де айтты.

Семей ядролық полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылған. Полигонда 42 жылда - 1949 жылдың 29 тамызынан бері 1991 жылдың 29 тамызына дейін 400-ден астам ядролық сынақ (олардың 116-сы жерастында) жасалды.

XS
SM
MD
LG