Accessibility links

Қазақстан хоккейшілері олимпиада жолдамасына таласады


Қазақстан хоккейшілері (көк формада) 2016 жылғы әлем чемпионатында Швеция құрамасымен ойнап жатқан сәт. Мәскеу. 11 мамыр 2016 жыл.
Қазақстан хоккейшілері (көк формада) 2016 жылғы әлем чемпионатында Швеция құрамасымен ойнап жатқан сәт. Мәскеу. 11 мамыр 2016 жыл.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2018 жылы Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиада ойындарының іріктеу жарысына қатысады.

1-4 қыркүйекте Ослода (Норвегия) болатын іріктеу турнирінде Қазақстан, Норвегия, Франция және Италия құрамалары бір жолдамаға таласады. Топтан үздік шыққан құрама олимпиадаға қатысады.

Әлем рейтингінде үздік сегіздікке енген Швеция, Финляндия, Канада, АҚШ, Ресей, Чехия, Швейцария, Словакия және ұйымдастырушы ел Оңтүстік Корея олимпиада жолдамасын іріктеусіз алды.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 1998 жылы Нагано (Жапония) мен 2006 жылы Туриндегі (Италия) олимпиада ойындарына қатысқан. 1998 жылғы олимпиадада ширек финалға дейін жетіп, Канададан жеңілген.

Ал 2018 жылғы қысқы олимпиада 5-28 ақпанда өтеді.

XS
SM
MD
LG