Accessibility links

Бішкекте Қытай елшілігіндегі жарылысты жанкешті жасаған


Жарылыс болған Қытай елшілігі қақпасының жанында жүрген полиция қызметкерлері. Бішкек, 30 тамыз 2016 жыл.

Жарылыс болған Қытай елшілігі қақпасының жанында жүрген полиция қызметкерлері. Бішкек, 30 тамыз 2016 жыл.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) баспасөз қызметі "Қытайдың Бішкектегі елшілігінде болған жарылыстан бір адам қаза тауып, үш адам жараланғанын" хабарлады. Ал Қырғызстан премьер орынбасары Жеңиш Разаков "жарылысты жанкешті жасағанын" мәлімдеді.

Алдын ала тараған мәліметке қарағанда, жанкешті "Мицубиси Делика" көлігімен елшіліктің батыс жағындағы брондалған қақпасын соғып кіріп, жарылыс құрылғысын іске қосқан. Жарылыстан жанкештінің көлігі талқан болып, техника қалдықтары жан-жаққа шашылған, женкештінің денесі де бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.

Қазір құтқарушылар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем дәрігерлері оқиға болған жерде жүр. Қырғызстан ТЖ министрі Кубатбек Боронов та оқиға орнына барған.

Жанкештіден басқа құрбан жоқ. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, жанкештінің мақсатына жетуіне брондалғон қақпа кедергі келтірген. Бішкектің қалалық медициналық жедел жәрдем қызметі үш адамның жарақат алғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG