Accessibility links

Ердоған: Сирияда әскери операция өткізе береміз


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Ресей, 9 тамыз 2016 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Ресей, 9 тамыз 2016 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы мен күрд жасақтары түрік азаматтарына "қауіп төндіруін қойғанша" Анкараның Сириядағы әскери операцияны жүргізе беретінін мәлімдеді.

29 тамыз күні АҚШ Сирияның солтүстігінде түрік әскері мен күрд жасақтары қақтығысып қалғанына наразы болған. Пентагон ИМ содырлары жоқ аумақта әскери әрекет болуы алаңдататын жайт екенін айтқан. Ақ үй дерегінше, АҚШ президенті Барак Обама мұны 4 қыркүйекте "Үлкен жиырмалық" саммиті қарсаңында түрік әріптесімен талқыламақ.

Түрік әскері өткен аптада Сирия шекарасын кесіп өтіп, өздері террорист деп танитын күрд жасақтарымен қақтығысқан. Олар Сирия азат ету армиясы жасақтарымен бірігіп, ИМ-ді Джераблус қаласынан ығыстырып, АҚШ қолдайтын, құрамында күрдтер көп Сирия демократиялық күштеріне шабуыл жасаған.

XS
SM
MD
LG