Accessibility links

Қытай елшілікке жасалған шабуылды айыптады


Жарылыс болған Қытай елшілігі. Бішкек, 30 тамыз 2016 жыл.

Жарылыс болған Қытай елшілігі. Бішкек, 30 тамыз 2016 жыл.

Қытай сыртқы істер министрлігі бүгін Қырғызстан астанасы Бішкектегі елшілігіне жасалған шабуылды айыптады. Шабуылдан елшіліктің үш қызметкері жараланғанын айтқан Пекин ол оқиғаны "экстремалды және қатыгез шабуыл" деп сипаттады. Пекин Бішкекті оқиғаның егжей-тегжейін анықтауға шақырады дейді Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чюньюн.

Пекиннің дерегінше, елшіліктің жеңіл жараланған үш қызметкері ауруханаға түскен, жарылыстың жауапкершілігін ешкім мойнына алмаған.

Ал Қырғызстан премьер орынбасары Жеңиш Разаков "жарылысты жанкешті жасағанын" мәлімдеген.

Алдын ала тараған мәліметке қарағанда, көлік мінген жанкешті елшіліктің батыс жағындағы брондалған қақпасын соғып кіріп, жарылыс құрылғысын іске қосқан.

XS
SM
MD
LG