Accessibility links

Жерорта теңізінде мыңдаған мигрант құтқарылды


Италия жағалауында отырған мигрант. (Көрнекі сурет)
Италия жағалауында отырған мигрант. (Көрнекі сурет)

Сейсенбіге қараған түні италиялық теңізшілер Жерорта теңізінің Ливия жағалауынан 20 километр тұстағы маңынан мыңдаған мигрантты құтқарған. Эритрея мен Сомалиден шыққан мигранттар Еуропаға адамы көп қайыққа мініп өтпек болған.

Мигранттарды құтқару операциясына Италияның жағалау күзеті қызметі мен БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясы катерлері де қатысқан. Associated Press дерегінше, БҰҰ өкілі "босқындар жеңіл қайықпен Ливиядан Италияға жете алмайтындарын біле тұра теңізге шыққанын" айтқан. Олар құтқарушылар кезігеді деп үміттенген.

Халықаралық миграция ұйымының дерегінше, биыл 105 мыңдай мигрант Жерорта теңізі арқылы Италияға өткен, 2 мың 700-дей адам суға кеткен.

XS
SM
MD
LG