Accessibility links

ЕО Apple-ді 13 миллиард еуро салық төлеуге міндеттеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы Apple компаниясын Ирландияға салық төлемі мен оның өсімақысы ретінде 13 миллиард еуро төлеуді міндеттеді. Еуропа комиссиясы компания Ирландияда 11 жыл бойы салық жеңілдіктерін заңсыз пайдаланған дейді.

Еуропа Одағының бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссары Маргрет Вестахердің хабарлауынша, үш жылдық тергеуде Ирландия Apple-ге компанияның Еуропадағы салығы 2003 жылғы 1 пайыздан 2014 жылы 0,005 пайызға дейін азаятындай жеңілдіктер берген дейді.

Вестахердің айтуына қарағанда, ЕО-ның ішкі заңдары бойынша, одақ елдері жекелеген компанияларға жеңілдіктер бере алмайды. Ирландия үкіметі Apple-ге ерекше жағдай жасалғанын жоққа шығарады. Ирланияда үкіметінің Еурокомиссияның шешіміне қатысты мәлімдемесінде "бұл мәселеде салық толық төленіп, мемлекеттен көмек қарастырылмағаны" айтылады.

Apple әзірге бұл шешімге қатысты ресми реакция білдірмеді. Бірақ АҚШ қаржы министрлігінің өкілі мұндай біржақты шешімдер Еуропа Одағына шетел инвестициясын тартуға зиянын тигізуі мүмкін екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG