Accessibility links

Астана Бішкектегі Қытай елшілігіне шабуылды айыптады


Бішкектегі жарылыс болған Қытай елшілігінің маңы. 30 тамыз 2016 жыл.

Бішкектегі жарылыс болған Қытай елшілігінің маңы. 30 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Бішкектегі Қытай елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптады. Министрлік бұл туралы мәлімдемесінде Қырғызстан билігінің шабуылды егжей-тегжейлі тергеп, кінәлілерді жауапқа тарту шешімін қолдайтынын айтады.

30 тамызда Бішкекте Қытай елшілігінде жанкешті жарылыс жасап, ресми мәлімет бойынша елшіліктің үш қызметкері жараланған. Мәліметтерге қарағанда, жанкешті "Мицубиси Делика" көлігімен елшіліктің батыс жағындағы брондалған қақпасын соғып кіріп, жарылыс құрылғысын іске қосқан. Жарылыстан жанкештінің көлігі талқан болып, техника қалдықтары жан-жаққа шашылған, женкештінің денесі де бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.

Пекин жарылысты "экстремалды және қатыгез шабуыл" деп сипаттады. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чюньюн Пекин Бішкекті оқиғаның егжей-тегжейін анықтауға шақыратынын мәлімдеген.

Қазақстан СІМ шабуылға байланысты Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерінің өзекті екенін тағы назар аударатынын айтады. "Терроризмнің кез-келген нысандары мен көріністеріне жол берілмеуі тиіс" деген министрлік бұған қарсы халықаралық деңгейде күш біріктіруге шақырады.

XS
SM
MD
LG