Accessibility links

ҰҚК: Радикалдық топтардың сезікті мүшелері ұсталды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жарты айдан астам уақытта ел аумағында радикалдық топтың күдікті 20-дан астам мүшесі ұсталғанын хабарлады.

ҰҚК-нің 31 тамызда таратқан мәлімдемесінде 12-30 тамыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында радикалдық үш топтың жолы кесілгенін айтады. Комитет дерегінше, сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам қамалған.

"Нәтижесінде радикалдардың құқық қорғау органы қызметкерлеріне шабуыл жасау, халық көп жиналатын орындарда теракт жасау ниеті іске аспай қалды" делінген ҰҚК хабарламасында.

Радикалдық топтардың күдікті өкілдерінің тұрғылықты жердерін тінту кезінде "атыс қарулары мен оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, экстремистік мазмұндағы материалдар және халықаралық террористік ұйымның белгілері" табылған.

Ұсталған күдіктілерге қатысты бірнеше бап, оның ішінде әлеуметтік немесе діни алауыздықты қоздыру", "терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" баптары бойынша тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG