Accessibility links

"Теракт жасамақ болған" үш адамның аты-жөні белгілі болды


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе соты «құқық қорғау органы қызметкерлеріне шабуыл жасау, халық көп жиналатын орындарда теракт жасау ниеті іске аспай қалған" үш тұрғынды қамауға алуға санкция берді. Сот қазір тағы төрт тұрғынның ісімен танысып жатыр.

Дереккөздің хабарлауынша, ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бүгін 12-30 тамыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында радикалдық үш топтың сезікті 21 өкілі ұсталғанын хабарлаған. Комитет дерегінше, сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам қамалған.

Соттағы дереккөзі бүгін сот санкциясымен қамалған үшеуді осы топтан дейді. Олар: Нұрнияз Сарқұлов (1993 жылы туған) , Қуаныш Есенғұлов (1997 жылы туған) , Еламан Балтабаев (1998 жылы туған). Үшеуі де Ақтөбе облысының тумасы. Ұсталған күдіктілерге қатысты бірнеше бап, оның ішінде әлеуметтік немесе діни алауыздықты қоздыру", "терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" баптары бойынша тергеу басталған.

ҰҚК хабарламасында радикалдық топтардың күдікті өкілдерінің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде "атыс қарулары мен оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, экстремистік мазмұндағы материалдар және халықаралық террористік ұйымның белгілері" табылғаны туралы айтылады.

XS
SM
MD
LG