Accessibility links

50 жылдан кейін АҚШ-тан Кубаға коммерциялық ұшақ келді


Кубаға келген JetBlue компаниясының ұшағы. 31 тамыз 2016 жыл.
Кубаға келген JetBlue компаниясының ұшағы. 31 тамыз 2016 жыл.

31 тамызда АҚШ-тың Форт-Лодердейл (Флорида штаты) қаласынан Кубаның Санта-Клара аймағына JetBlue компаниясының бортында 150 жолаушысы және бес экипаж мүшесі бар ұшағы келіп қонды. Ұшақта АҚШ-тың транспорт министрі Энтони Фокс та болды.

Бұл - АҚШ-тан Кубаға 50 жылдан кейін жіберілген алғашқы коммерциялық рейс.

АҚШ пен Куба 2014 жылдың желтоқсанынан бері қарым-қатынасын оңалта бастаған. 2015 жылы Гавана мен Вашингтонда екі елдің елшіліктері ашылған. Биыл наурызда АҚШ президенті Барак Обама Кубаға арнайы іссапармен барған.

XS
SM
MD
LG