Accessibility links

Ресей жеке паралимпиадасын өткізеді.


Ресей паралимпиада комитетінің президенті Владимир Лукин.
Ресей паралимпиада комитетінің президенті Владимир Лукин.

Ресей 7-8 қыркүйекте өзінің жеке паралимпиадасын өткізбек. Бұл туралы Ресей паралимпиада комитетінің президенті Владимир Лукин мәлімдеді.

Халықаралық паралимпиада комитеті бүкіл Ресей құрамасын допинг дауына байланысты Бразилияда өтетін паралимпиада ойындарынан шеттеткен. Комитеттің мәлімдеуінше, Ресей атлеттердің тыйым салынған препараттарды қолдану бағдарламасын қолданған. Комитет мұны допинг қолданбайтын спортшыларға жасалған "бұрын-соңды болмаған шабуыл" деп бағалайды.

Паралимпиада 5 қыркүйекте басталады. Оған Ресей құрамасынан 270-ке тарта спортшы қатысуы тиіс еді.

Халықаралық паралимпиада комитеті президенті Филип Крейвен ресейлік спортшылар "бұзылған жүйенің бір бөлшегі" болды деп атап, допинг қолданбайтын спортшыларға өкініш білдірді.

XS
SM
MD
LG