Accessibility links

Үшарал қыстағында карантин жарияланды


Қарағанды облысының картасы.

Қарағанды облысының картасы.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Үшарал қыстағында сібір жарасы індеті табылуына байланысты карантин жарияланды.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, қыстақтың екі тұрғыны мен Балқаш қаласының бір тұрғынына сібір жарасы диагнозы қойылған. Қазір үш адам ауруханада жатыр.

Қазір аймақта төтенше жағдай режиміндегі жұмыстар жүргізіліп, полиция постары қойылған. Науқастармен байланыста болған адамдарға дәрігерлер қадағалау орнатқан.

Облыс әкімдігі инфекция мал дәрігерлерінің тексеруінен өтпеген өгіз етінен жұғуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

Биыл жазда сібір жарасы Қарағанды облысынан бөлек, ШҚО мен Павлодар облысында да тіркелді.

XS
SM
MD
LG