Accessibility links

Назарбаев G20 саммитіне қатысуға Қытайға барды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Ханчжоу қаласына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев мұнда G20 елдері басшыларының саммитіне қатысады. Ол сонымен қатар сапар барысында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, саммит аясында бірқатар елдің басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Саммит 4-5 қыркүйек күндері өтеді және оған әлемнің дамыған 20 мемлекеті мен арнайы шақырылған бірнеше елдің басшылары қатысады.

XS
SM
MD
LG