Accessibility links

Ресейлік паралимпиадашылар Риоға бейтарап атлет ретінде жіберілмеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейлік паралимпиадашылар Риода өтетін паралимпиадаға бейтарап атлет ретінде қатыса алмайды. Ресей паралимпиада құрамасы допинг дауынан соң жарыстан толықтай шеттетілген. 1 қыркүйекте Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) ресейлік 175-тен астам спортшының өздерін паралимпиадаға жекелей, бейтарап түрде қатыстыруды сұраған өтінішін қабылдамай тастады.

Бразилиядағы паралимпиада 7-18 қыркүйекте өтеді. Өткен аптада Швейцариядағы Халықаралық арбитраждық сот (CAS) Ресей құрамасының паралимпиада ойындарына қатысуына тыйым салған. 31 тамызда CAS Ресей паралимпиада комитетінің атлеттерін Риоға жіберу үшін тыйымды уақытша жоюды сұраған өтінішін орындаудан бас тартқан.

Бұған дейін Ресей паралимпиада комитетінің президенті Владимир Лукин Ресей 7-8 қыркүйекте Мәскеу облысында паралимпиадаға балама жарыс өткізетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG