Accessibility links

Ақтөбеде "Ресейде теракт жасауға шақырған" тұрғын сотталды


Ақтөбе қалалық соты. 2 қыркүйек 2016 жыл.

Ақтөбе қалалық соты. 2 қыркүйек 2016 жыл.

Ақтөбенің №2 сотында "Ресейде теракт жасауға шақырды" деп айыпталған Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны Алмас Әбдіраев 4 жыл 8 айға сотталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1982 жылы туған Алмас Әбдіраев биыл наурызда өзінің екі танысының "дүниетанымы мен көзқарасына ықпал ету үшін" Ресейдің Сириядағы терроризмге қарсы операцияларына бірнеше мәрте наразылық білдіріп, Ресей территориясында теракт жасауға шақырған".

Сот Әбдіраевтың дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім еткен. Үкім заңды күшіне әлі енбеген.

XS
SM
MD
LG