Accessibility links

Пәкістанда сотқа шабуылдан 10 адам мерт болды


Мардан қаласындағы шабуыл жасалған сот. Пәкістан, 2 қыркүйек 2016 жыл.
Мардан қаласындағы шабуыл жасалған сот. Пәкістан, 2 қыркүйек 2016 жыл.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Мардан қаласында сотқа жанкешті шабуыл жасап, кем дегенде 10 адам қаза тапты, 40 шақты адам жараланды.

Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандардың арасында екі адвокат, екі полиция қызметкері, сот жанынан өтіп бара жатқан үш тұрғын бар.

Ақпараттарда шабуылдаушының әуелі сотқа кіреберісте граната лақтырып, сосын басты қақпада өзін жарып жібергені айтылады.

Жараланғандардың кейбірінің халі ауыр.

Шабуыл жауапкершілігін "Талибанның" Пәкістандағы қанаты "Жамаат уль-Ахрар" тобы мойнына алды.

Мардан қалалық полициясының шенеунігі Файсал Шахзад Азаттықтың Пәкістан редакциясына шабуылдың қалай болғанын сипаттап берді. "Ол жанкешті болды және денесіне 6-8 килограмм жарылғыш зат таңып алған. Оны сот қақпасына кірерде полиция ұстап қалды да, ол қолындағы гранатасын полиция қызметкерлеріне лақтырып үлгерген. Жараланған полиция қызметкерлері қарсы оқ атып, оны қуалаған" дейді Файсал Шахзад.

Оның сөзінше, бір полицей жанкештіні атып өлтіргенде беліне таңып алған бомбасы жарылған.

XS
SM
MD
LG