Accessibility links

Ақтөбе соты 12 адамды терроризм күдігімен қаматты


Ақтөбе көшелерінің бірінде жүрген полиция қызметкерлері. 8 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе көшелерінің бірінде жүрген полиция қызметкерлері. 8 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе соты «полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау және халық көп жиналатын орындарда теракт жасау ниеті іске аспай қалған» 12 күдіктіні қамауға санкция берді.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қамалған адамдар қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлімі («телекоммуникация желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру»), 257-бабының 1 және 2-бөлімі («террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекеттеріне қатысу»), 174-бабының 1-бөлімі («әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) сияқты баптармен күдікке ілінген.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 12-30 тамыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында радикалдық үш топтың сезікті 21 өкілі ұсталғанын хабарлаған еді. ҰҚК дерегінше, сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам қамалған.

ҰҚК хабарламасында ол азаматтардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде «атыс қарулары мен оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, экстремистік мазмұндағы материалдар және халықаралық террористік ұйымның белгілері» табылғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG