Accessibility links

17 адам қаза тапқан Мәскеу баспаханасы басшылығына іздеу жарияланды


Өртенген баспахана ғимараты. Мәскеу, 27 тамыз 2016 жыл.

Өртенген баспахана ғимараты. Мәскеу, 27 тамыз 2016 жыл.

Ресей тергеу комитеті «Печатный экспресс» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры Сергей Москвин мен кәсіпорынның өрт қауіпсіздігіне жауапты бас инженері Антон Яцковке Ресей қылмыстық кодексінің «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сырттай айып тағылғанын хабарлады.

Тамыздың 27-сі күні Мәскеудегі «Печатный экспресс» баспаханасының қоймасындағы өрттен 17 адам (оның 14-і – қырғыз азаматшалары) қаза болған еді. Құрбан болғандардың ең үлкені 45 жаста, ең кішісі – әлі 17 жасқа да толмаған. Олардың арасында бір әйелдің аяғы ауыр болған.

Қырғызстандық 14 әйелдің тек екеуінің ғана Ресей билік орындары берген заңды құжаты болған. Сонымен бірге ол баспахананы өртке қарсы қызмет орындары соңғы төрт жыл бойы тексермегені анықталған.

Мигранттармен жұмыс істейтін мамандардың мәліметі бойынша, соңғы бес жылда Ресейде әртүрлі себептермен бір жарым мыңға жуық Қырғызстан азаматы мерт болған.

XS
SM
MD
LG