Accessibility links

Ташкентте Каримовпен қоштасуға мыңдаған адам шықты


Президент Ислам Каримовті ақтық сапарға шығарып салу кезінде жол бойында тұрған адамдар. Ташкент, 3 қыркүйек 2016 жыл.
Президент Ислам Каримовті ақтық сапарға шығарып салу кезінде жол бойында тұрған адамдар. Ташкент, 3 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстан астанасында сенбі күні таңертең президент Ислам Каримовті ақтық сапарға шығарып салуға мыңдаған адам шықты деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Марқұмның денесін Ташкенттің орталығы арқылы өтетін «президент жолымен» әуежайға қаралы кортежбен жеткізген. Жол бойында гүл шоқтарын ұстаған адамдар тұрған. Қоштасу шарасынан түсірілген видеолар мен суреттер әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр, кейбір видеоларда жылап тұрған адамдардың дауысы естіледі.

Ислам Каримовпен қоштасу сәтінен видео:

Ташкентте Ислам Каримовпен қоштасты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:36 0:00

РИА Новости агенттігі көлік жолы жабылғандықтан Ташкент әуежайына ертемен ұшып келгендер қалаға шыға алмай бөгелгені туралы хабарлады.

Елдегі әртүрлі діни конфессиялар президенттің қазасына байланысты діни рәсім өткізіп жатыр деп хабарланды.

Кеше кешкісін Өзбекстан үкіметі инсульт алып ауруханада жатқан ел президенті Ислам Каримовтің 2 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.15-те дүние салғанын ресми түрде хабарлаған.

Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстанда бүгіннен бастап үш күндік аза тұту жарияланды.

Өзбекстанды соңғы 27 жыл бойы басқарған Ислам Каримов 3 қыркүйекте өзі туып-өскен Самарқанда жерленбек.

Ташкенттегі Ислам Каримовпен қоштасу рәсімінен фотогалерея:

XS
SM
MD
LG