Accessibility links

Алматыдағы өзбек елшілігіне тұрғындар гүл шоқтарын қойды


Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі алдында қойылған көңіл айту - аза мүйісі. Алматы, 3 қыркүйек 2016 жыл.
Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі алдында қойылған көңіл айту - аза мүйісі. Алматы, 3 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне бүгін таңертеңнен бастап тұрғындар гүл шоқтарын әкеп жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Елшіліктің алдында Ислам Каримовтің қара таспа тағылған суреті ілінген. Гүлдер қойылып, шырақ жағылған осы орындағы арнайы кітапқа марқұмның қайтыс болуына байланысты көңіл айтушылардың ой-пікірлері жазылған. Елшіліктің алдына тігілген Өзбекстан туы төмен түсірілген.

Бүгін таңертең Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өтті. Өзбек үкіметі жұма күні 78 жастағы президент Каримовтің дүниеден өткені туралы ресми хабарлаған.

Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстанда бүгіннен бастап үш күндік аза тұту жарияланды.

Өзбекстанды соңғы 27 жыл бойы басқарған Ислам Каримовті өзі туып-өскен Самарқанда бүгін жерлейді.

XS
SM
MD
LG