Accessibility links

Абэ Путинді даулы аралдар мәселесін шешуге шақырды


Кунашир аралындағы көл. (Көрнекі сурет.)
Кунашир аралындағы көл. (Көрнекі сурет.)

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Шығыс экономикалық форумы кезінде Ресей президенті Владимир Путинді екі ел арасындағы жер дауының шешімін табуға шақырды. Абэ «өткен шақ алға жылжуға кедергі болмауы керек» және Ресей мен Жапония экономикалары бір-бірімен жарыспайды деп мәлімдеген.

Осыдан бір күн бұрын екеуара кездесуде Абэ мен Путин екі елдің арасында бейбіт келісім туралы келіссөздерге көбірек күш салуға уағдаласқан. Екі басшының келесі кездесуі желтоқсанға жоспарланып отыр.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Ресей мен Жапония арасында бейбітшілік туралы келісім жасалмаған. 1956 жылы екі ел қол қойған совет-жапон Мәскеу декларациясында өз араларында соғыстың ресми түрде аяқталғаны айтылған. Келісімде Жапония өз территориясы деп санайтын Курил аралдарына қатысты жер дауы аталған. Шығыс экономикалық форумы басталар алдында Путин Ресей даулы аралдарды Жапонияға сатпайды да, бермейді де деп мәлімдеген. Абэ даулы мәселеде ымыраға келетін шешім табуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG