Accessibility links

Түркияда туристер мінген кеме апатқа ұшыраған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркияның Анталия қаласының жағалауына жақын тұста ондаған адам мінген туристік кеме суға батып кеткен.

Түрік басылымдарының ақпараты бойынша, қыркүйектің 3-інде бір күндік сапарға шыққан кеме теңізде дауылға тап болып, апатқа ұшыраған. Дабыл бойынша оқиға орнына жеткен түркиялық жағалаудағы күзет қызметі мен құтқарушылар тобы судан адамдарды алып шыққан.

Алдын ала деректерге сәйкес, кемеде болған 82 адам құтқарылған. Бір адам хабарсыз кеткен. Апаттан зардап шеккен 33 адам ауруханаға жеткізілген. Кемеде нақты қанша адам болғаны әзірше белгісіз.

Апат болған аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG