Accessibility links

Бесланда журналистерге жасалған шабуылға күдікті ұсталғаны хабарланды


Бесланда шабуылға ұшыраған журналист. 3 қыркүйек 2016 жыл.
Бесланда шабуылға ұшыраған журналист. 3 қыркүйек 2016 жыл.

Ресейдің Солтүстік Осетия аймағының полициясы «Новая газета» басылымының тілшісі Елена Костюченкоға жасалған шабуылға күдіктіні ұстаған деп хабарлады бүгін «Интерфакс» агенттігі құқық органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап. Әзірше бұны растайтын ресми ақпарат түскен жоқ.

Агенттік ақпараты бойынша, күдікті ретінде ұсталған ер адам Елена Костюченкоға көкдәрі (зеленка) шашқанын мойындаған. Ол іс-әрекетіне «журналистің еске алу шарасы кезінде өзін ерсі ұстағаны» себеп болғанын айтқан. Полиция қызметкерлері журанлистерге қолды болған телефондарын қайтарып бергені туралы ақпаратты «Новая газета» растаған.

Сенбі күін Бесланда 2004 жылғы оқиға құрбандарын еске алуға арналған қаралы шарадан хабар дайындап жүрген «Новая газета» тілшісі Елена Костюченко мен «Такие дела» басылымының журналисі Диана Хачатрянға шабуылдаған. Екі журналистке шабуыл кезінде полиция ешқандай қимыл танытпаған. Бұл жайтқа байланысты «Новая газета» Ресей тергеу комитетіне шағым түсірмек ниетте.

XS
SM
MD
LG