Accessibility links

Қытайда G20 саммиті жұмысын бастады


G20 саммиті өтетін Ханчжоу қаласында қонақүй жанынан өтіп бара жатқан қауіпсіздік қызметкері. Қытай, 2 қыркүйек 2016 жыл.
G20 саммиті өтетін Ханчжоу қаласында қонақүй жанынан өтіп бара жатқан қауіпсіздік қызметкері. Қытай, 2 қыркүйек 2016 жыл.

Қытайдың Ханчжоу қаласында бүгін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті ашылды. Қытайда тұңғыш рет өтіп жатқан G20 саммиті әлемдік экономика дамуының жаңа жолдары тақырыбына арналған. Жиында әлемдегі ең ірі экономика өкілдері сауда байланыстарына кедергілерді жою және экологиялық жобаларға қаржы тарту мәселелерін талқылайды. Халықаралық қаржы қорының талдаушылары әлемдік экономика өсімінің болашағы туралы баяндаманы таныстырады. Саммит жұмысы қыркүйектің 5-іне дейін жалғасады.

«Үлкен жиырмалықтың» мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін қазіргідей форматы 2008 жылы болған қаржы дағдарысынан кейін пайда болған еді. G20 саммиттерінде әлемде экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қажетті реформалар талқыланады. «Үлкен жиырмалық» лидерлері жылына бір рет жиналып, кеңес өткізеді.

XS
SM
MD
LG