Accessibility links

Назарбаев 9 қыркүйекте үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізбек


Нұрсұлтан Назарбаев G20 елдерінің саммитінде. Ханчжоу, Қытай, 4 қыркүйек 2016 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев G20 елдерінің саммитінде. Ханчжоу, Қытай, 4 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қыркүйекте Астанада үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізеді деп хабарлады ресми БАҚ. Бұл туралы Назарбаев Қытайдың Ханчжоу қаласында брифингте айтқан.

Журналистер алдында сөйлеген Назарбаев үкімет жиынында жұмыссыздықты төмен деңгейде ұстап тұру, жаңа жұмыс орындарын ашу, дағдарыстан экономикалық өсімге өту мәселесі талқыланатынын айтқан.

Назарбаев Ханчжоуда G20 елдерінің саммитіне қатысып жатыр. Самит аясында Назарбаев АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Канада премьері Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олландпен кездескен.

XS
SM
MD
LG