Accessibility links

Пхеньян Жапон теңізіне баллистикалық зымырандар атты


Солтүстік Кореяның теңізден зымыран ұшыру сәті (Көрнекі сурет).
Солтүстік Кореяның теңізден зымыран ұшыру сәті (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея Жапон теңізіне бағыттап үш зымыран атты деп хабарлады Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі.

Пхеньян зымыранды Қытайда G20 елдері саммитінің соңғы күні ұшырып отыр. Саммитке Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасы үшін халықаралық оқшаулауды қолдайтын көптеген мелмекеттің басшылары қатысып жатыр.

Зымыран сынау БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзу болып саналады.

Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарлауынша, зымыран Қытай төрағасы Си Цзиньпин Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кездескеннене ұзамай ұшырылған. Қытай Солтүстік Кореяның басты дипломатиялық одақтасы саналады.

Қытай басшысы кездесуде Пак Кын Хені Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін орнатпауды ескертті. Сеул жүйе Солтүстік Кореяның зымыран шабуылынан қорғану үшін ғана қойылатынын айтады.

Корей түбегінде шиеленіс Солтүстік Корея зымыран мен атом қаруын сынаған соң күшейген.

XS
SM
MD
LG