Accessibility links

Сирияда жарылыстардан бірнеше адам қаза тапты


Хомстың Баб Тадмур ауданында жарылыс болған орын. Сирия, 5 қыркүйек 2016 жыл.

Хомстың Баб Тадмур ауданында жарылыс болған орын. Сирия, 5 қыркүйек 2016 жыл.

Сирияның мемлекеттік БАҚ-ы үкімет әскері бақылауындағы Тартус және Хомс қалаларында және Дамаск маңындағы жолда болған төрт жарылыстан кем дегенде 13 адам қаза тапқанын хабарлады.

Бірақ Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының 5 қыркүйекте мәлімдеуінше, жарылыстардан кем дегенде 24 адам қаза тапқан.

Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі елдің солтүстік-батысындағы портты Тартус қаласына кіреберістегі Арзуна көпірінде бірінен соң бірі екі жарылыс болғанын хабарлады. Мемлекеттік телеарна алғашқы жарылыста көлікке жасырылған бомба жарылғанын, оның орнына құтқарушылар келген сәтте жанкшеті жарылыс жасағанын айтады.

SANA сонымен қатар Хомстың Баб Тадмур ауданына кіреберісте жарылғыш зат толтырылған көлік жарылғанын хабарлады.

Сирияның мемлекеттік телеарнасы сонымен қатар әл-Сабур қаласының маңындағы Бейрут - Дамаск тас жолына қосылатын жол бойында да жарылыс болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG