Accessibility links

Тоқтар Төлешовтің соты 14 қыркүйекте басталмақ


Кәсіпкер Тоқтар Төлешев (сол жақта) пен биліктен тайдырылған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев. ҰҚК ұсынған сурет.

Кәсіпкер Тоқтар Төлешев (сол жақта) пен биліктен тайдырылған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев. ҰҚК ұсынған сурет.

Шымкенттік бизнесмен, "билікті күшпен басып алмақ болды" деп айыпталған Тоқтар Төлешовтің соты 14 қыркүйекте басталады деп хабарлады әскери сотқа сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлының брифингте айтуынша, сот "іс материалында мемлекеттік құпия мәліметтері болғандықтан" жабық түрде өтеді. Бүгін бұл іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өткен. Төлешовтің ісі бойынша 25 адам сотқа тартылмақ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін "Шымкентсыра" зауытының иесі Тоқтар Төлешовке Тоқтар Төлешовке «адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, билікті күшпен басып алуды насихаттау, экстремистік топ құру, қылмыстық қауымдастық құрып, оны қаржыландыру және басшылық жасау, бандитизм, пара беру» туралы айыптар тағылғанын мәлімдеген.

Тоқтар Төлешовті биыл қаңтар айының соңында Шымкент қаласында күш құрылымдары арнайы операция барысында тұтқындаған. Оны ұстаған кезде күдіктіден «атыс қаруы, есірткі заттары мен кейбір әдебиет» алынғаны хабарланған. Ақпан айында сот оны қамауға алуға шешім шығарған. Содан бері Төлешов Астанадағы тергеу абақтысында қамауда отыр. Төлешов ұсталған соң көп ұзамай күш құрылымдарының бірнеше жоғары лауазымды қызметкері де тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG