Accessibility links

ҰҚК: Ақтөбедегі шабуыл бойынша 30 адам сотталады


Ақтөбедегі шабуылдар кезінде түсірілген деп YouTube желісіне жарияланған видеодан алынған скриншот. Суретте 20-ға жуық жас жігіттер мылтықпен көше бойлап кетіп барады.
Ақтөбедегі шабуылдар кезінде түсірілген деп YouTube желісіне жарияланған видеодан алынған скриншот. Суретте 20-ға жуық жас жігіттер мылтықпен көше бойлап кетіп барады.

Ақтөбедегі шабуылдарға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша барлығы 30 адам сотқа тартылады деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Сотқа тартылатындар қатарында шабуылғақатысты делінген 9 күдікті, теракт туралы білген деген 18 күдікті және содырларды жасырды делінген үш күдікті бар.

Қазір бұл іс бойынша тергеу аяқталып, іс танысуға жіберілген. Сотталатындардың 21-і қамауда отыр. Шабуылдан бас тартты делінген 9 адам мен оларға дем берді делінген үш адам қауіпсіздік шараларына байланысты қорғауда.

ҰҚК мәліметінше, тергеуде шабуыл "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының ресми өкілі "шейх әл-Аднанидің" идеологиялық ықпалы және үндеуі бойынша аяқ астынан жасалған деп тұжырған.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде 26 адам қару-жарақ сататын екі дүкенге шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан еді. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операция кезінде 18 күдіктінің көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG