Accessibility links

Коррупцияға қарсы қызмет: Қорғас халықаралық орталығының басшысы ұсталды


Қорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының Қытай жағы (Көрнекі сурет).
Қорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының Қытай жағы (Көрнекі сурет).

Қорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының президенті Василий Ни бір миллион доллар "пара алу кезінде" ұсталды деп хабарлайды коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Бюро ақпаратына қарағанда, Қорғас орталығының басшысы бопсалау арқылы өзіне бағынышты инвесторлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі М.Сайдуллаев арқылы "Хоргос Тюльпан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінен тендер нәтижесін оң шешіп беру үшін бір миллион доллар пара алған. "Пара "Хоргос Тюльпан" халықаралық орталық аумағында 5-санатты қонақүй кешенін салу конкурсында жеңіп шығу үшін берілген" дейді коррупцияға қарсы қызмет.

Қазір Василий Ни күдікті ретінде ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG