Accessibility links

Душанбе Халимовтың "ИМ қолбасшысы болғанын" тексеріп жатыр


АҚШ-тың Гулмурод Халимовтың қайда екені туралы ақпаратқа сыйақы тіккені туралы хабарлама.

АҚШ-тың Гулмурод Халимовтың қайда екені туралы ақпаратқа сыйақы тіккені туралы хабарлама.

Тәжікстан билігі Сирияға кетіп, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қосылған полковник Гулмурад Халимовтың осы ұйымның бас әскери қолбасшысы болғаны туралы ақпаратты сараптап жатқанын мәлімдеді.

3 қыркүйекте Ирак ақпарат құралдары Халимов шілдеде Ирактың солтүстігінде көзі жойылды делінген Умар әл-Шишанидің орнын басқанын хабарлаған.

Тәжікстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Мухаммадризо Халифазоданың айтуынша, "Халимовтың Тәжікстанды шайқалту жоспарын іске асыртпай тастау шаралары жасалып жатыр". Ол нақты қандай шаралар көріліп жатқанын айтпады.

30 тамызда АҚШ мемлекеттік департаменті Халимовты ИМ-дегі басты адам деп атап, оның қайда екені туралы ақпарат берген адамға үш миллион доллар сыйақы берілетінін мәлімдеген.

Тәжікстанда арнайы милиция жасағының бұрынғы командирі болған Халимов экстремистерге 2015 жылы сәуірде қосылған. Тәжік билігінің мәліметінше, ол Сирияда екі рет ауыр жараланған.

XS
SM
MD
LG